Колледждің материалдық және оқу базасы

Негізгі мақсаттарды іске асыру үшін – еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келетін ТжКБ жүйесінің білікті мамандарын даярлау үшін колледждің мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі және іске асырылатын мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келетін материалдық-техникалық базасы бар:оқу корпусы;спорт залы;акт залы.

Ғимарат түрі бейімделген

Бас оқу ғимараты – жалпы ауданы 3919 ш.м., 4 қабат.

-1 қабат-асхана және ас үй, гардероб, жаттығу залы, аспаздар зертханасы, 3 оқу шеберханасы.

-2 қабат-Теориялық оқыту кабинеттері, кітапхана және оқу залы, әкімшілік, бухгалтерия, АӘД кабинеті, компьютерлік сыныптар;

– 3 қабат – Теориялық оқыту кабинеттері, зертханалар, медпункт, мұражай, компьютерлік сыныптар;

– 4 қабат-Теориялық оқыту кабинеттері;

Жобалық қуаты 700 адам

32 оқу кабинеті, әр қайсысы 25-30 орынға есептелген

Оның ішінде жалпы білім беретін пәндер кабинеттері 12

Оның ішінде арнайы пәндер кабинеттері 12

9 интерактивті тақта

45-дербес компьютер, оның 45-і интернетке шығатын жергілікті желіге біріктірілген.

3 шеберхана

1.Дәнекерлеу жұмыстарының шеберханасы;

2.Аспазшы шеберханасы

3.Сылақшы шеберханасы

 

 

5 оқу зертханасы:

1.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу зертханасы

2.Хирургия зертханасы;

3.Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы және өндірісін ұйымдастыру зертханасы;

4.Микробиологиясы , эпизоотология, Акушерлік, гинекология және жасанды ұрықтандыру зертханасы;

5.Фармакология және ішкі жұқпалы емес аурулар зертханасы

Кітапханаға арнайы үй-жай бөлінген, абонементпен біріктірілген 21 орындық оқу залы және оқу қорының кітап қоймасы үшін жеке үй-жай бар.

Кітапхана қоры 32472 дана құрайды.

Бір оқушыға орта есеппен 34,55 оқулықпен қамтамасыз ету.

Жаттығу залы бар

100 орындық асхана бар

Медициналық кабинет (20.11.2012 ж. Лицензия), әлеуметтік педагог және психолог кабинеті жұмыс істейді

Іргелес жатқан аумағы 1,1 га, қоршалған, көшеттер бар. Спорт алаңдары 962 ш. м., қоршау, спорттық құрал-жабдықтар